19 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, түнде нөсер жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан желдің соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Сол күні Орал қаласында солтүстік-батыстан, батыстан күшті жел соғып, 15-20, екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.
Еске сала кетсек, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында алдағы күндері жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады.