Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

16 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

16 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл ксоғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы жерлерде 15-20 м/сжетуі мүмкін. Күндіз оңтүстікте 39 градус қатты ыстық болады.

16 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап , дауыл соғады бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығысқа ауысқан желдің жылдамдығы түнде 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады.

Сол күні Қарағанды қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.