Маңғыстау «Қараөткел-2012» көрмесінде мал өсірушілердің мобильді және стационарлы үйлерінің тұсауын кеседі

АҚТАУ. 17 шілде. ҚазАқпарат - Маңғыстау 20-21 шілде аралығында Астанада агроөнеркәсіп кешеніндегі жетістіктерге арнап өткізілетін "Қараөткел-2012" көрмесінде өздерінің ең үздік жобаларын таныстыратын болады.

Қоғамның назарына мал өсірушілердің мобильді және стационарлы үйлерінің үлгілері ұсынылады.

Мобильді дегеніміз  - төбеде орналастырылған жел тиірмен және күн панелі бар қозғалатын вагондар. Оларда күнделікті тұрмысқа қажеттінің барлығы -жуыну бөлмесі, монша, қойма, жатын орындар, асүй бар. Күн мен жел оларды жылумен және электр көзімен қамтамсыз етеді. Вагондарды көлікке немесе тракторға тіркеп қоюға болады.

Көрме-жәрмеңкеде таныстырылатын макеттер дайын. Мұндай вагондар мал өсірушілердің өз еріктері бойынша көшіп-қонуына мүмкіндік бергендіктен мал шаруашылығын дамыту үшін ең үздік мобильді нұсқа болып танылды.