Маңғыстау мектептерінің компьютермен жабдықталуы республикалық көрсеткіштен 2 есе төмен
Облыстағы 30 оқушыға небәрі 1 компьютерден келсе, республикалық көрсеткіш 16 оқушыға 1 компьютерді құрайды.
Бұл көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді. Осыған орай облыс бюджетінде кезең-кезеңімен компьютерлік сыныптары жаңарту, оларға жаңа техникалар сатып алу қарастырылған.
«Компьютерлердің техникалық ескеруіне және мектептерде оқушылар санының артуына байланысты аталған көрсеткіштің жыл сайын төмендеуі байқалады.2011-2012 оқу жылында оқушылар саны шамамен 96 мың болса, ағымдағы оқу жылында олардың саны 98 мыңнан асып жығылды. Облыстық білім беру басқармасы 2013-2015 оқу жылында компьютерлік техникалар сатып алуға жергілікті бюджеттен шамамен 650 млн. теңге бөлуде жоспарлап отыр», - деді облыстық білім беру басқармасының бастығы Динара Жұмашева.
Ағымдағы жылы 250 млн. теңге сомаға 1456 компьютер сатып алу жоспарланған. Дәл осындай көлемдегі техниканы сатып алу 2014 жылға да белгіленген. Ал 2015 жылы 877 компьютер алуға 150 млн. теңге қарастырылуда.
Айта кетерлігі, өңірде ағымдағы жылы білім беру саласына 40 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 5 млрд. теңгеге артық.