Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі жауапқа тартылды
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, облыстық Әдеп жөніндегі кеңес Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісін «атқарып отырған лауазымына толық сәйкессіздігі туралы» тәртіптік жауапқа тарту жөнінде ұсыныс енгізді.
«Тексеру барысында басқарма басшысы орынбасарының басқарма жетекшісінің рұқсатынсыз екі күн бойы жұмыста болмағандығы анықталды. Ол жетекшінің атына өзі қол қоймастан еңбек демалысынан қалған күндердің есебінен екі күнге ақысыз демалысқа жіберу жөнінде өтініш қалдырып кеткен. Шенеуніктің өзі жетекшіден ауызша рұқсат алғанын айтады»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алайда, басқарма жетекшісі өзінің қызметкерінің сөзін растамады.
«Мемлекеттің қызметшінің өтінішінің қаралған-қаралмағанына көз жеткізбестен жұмыс орнын тастап кету Әдеп Кодексінің 5 тармағының 11 тармақшасының бұзылғанын көрсетеді. Ал бұл баптарда қызмет тәртібін мүлтіксіз орындау, өз қызметіне қатысты міндеттерді ерікті түрде, адал, сапалы орындау, өзінің жұмыс уақытын барынша тиімді пайдалану қажеттігі айтылған»,-делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің хабарламасында.