Нұри Лазарұлы 1967 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко шаһарында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Еңбек жолында лауазымды қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинаған. Білім жоғары. 1992 жылы Алматы қаласындағы сәулетші-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987-1998 жылдар аралығында «Энергоспецмонтаж» өндірістік бірлестігінің № 88 монтаждау-құрылыс басқармасында монтаждаушы, шебер, аға прораб, бас инженер болып жұмыс жасады.
1998 - 2001 жылдар аралығында «Гандикап» ЖШС Бас директоры.
2001 - 2002 жылдар аралығында «ҚазақОйлҚұрылыс» ЖШС Маңғыстау өңіріндегі өкілі.
2002-2003 жылдар аралығында «Батыс Құрылыс» ЖШС Маңғыстау облысындағы өкілі.
2003 - 2004 жылдар аралығында «ҚазМеталлСпрей» бірлескен қазақ-американ кәсіпорнының бас директоры.
2005 - 2006 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ «Теңіз Сервис» ЖШС бас менеджері.
2016 жылдан «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. Партияның депутаттық фракциясының жетекшісі болды.
2017-2019 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.