Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанға толық дайын

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанға толық дайын. Сайлау күні 126 депутат таңдау жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 қаңтар Парламент Сенатының депутаттары сайлауы күні барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен мәжілісі өтеді. Содан соң дауыс беру басталады. Барлығы 126 депутат таңдау жасайды.

«Президент сайлауындағыдай бюллетеньдерді алып, жабық кабинада дауыс береді. 100 пайыз дайынбыз деп айтуға мүмкіндік бар. Сайлау процесі ашық болады. Бақылаушы, БАҚ өкілдері, сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің сенімді өкілдері де қатысуға толық мүмкіндігі бар», - деді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаров.

Айта кетейік, Сенат депуттарының сайлауына Маңғыстаудан 3 кандидат қатысады.