Облыс сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин және облыстық сот судьялары мен сот қызметкерлері ат салысқан.
Сенбілік кезінде сот қызметкерлері сот ғимараты аумағын сыпырып, жол жиектері мен ағаш түптерін әктеп, ағаш көшеттерін отырғызды.