Әнуар Шөжеғұлов Ыстамбұл қаласында орын алған террорлық әрекетке байланысты «Көңіл айту кітапшасына» аймақ басшысының және Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
«Ыстамбұлда болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан құрбан болған жазықсыз азаматтардың қазасына қайғырудамыз. Құрбан болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, Маңғыстау облысы әкімінің және тұрғындарының атынан көңіл айтамын», - деді ол.