Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Әсел Балманованы таныстырды.

Әсел Балманова 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология мамандығы, 2012 жылы Еуразия академиясының құқықтану мамандығы, 2016 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология-магистрі мамандығы бойынша, 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын 2006-2009 жылдар аралығында № 42 «Ақниет» гимназиясының хатшысы, лаборанты қызметтерінен бастаған.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау және мониторинг бөлімінде жастар практикасынан өткен.

2010-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы және осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020ж -2023 ж аралағында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білімін шыңдады.