Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту туралы айтты.
«Екі апта ішінде Үкіметпен бірлесе Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту міндеті тұр. Бұл кешенді жоспар алдағы 5 жылда жасалатын жұмыстарымыздың басты құжаты болады. Өңірдегі қордаланған мәселелерді шешу үшін біздегі бар мүмкіндікті пайдалануымыз керек»,-деді Нұрлан Ноғаев.