Маңғыстау облысында 13 мыңға жуық адам коронавирус екпесін алды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 12 957 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Екпе кабинеттері көбейіп, 28-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 сәуірде 145 адам вакцинаның І компонентімен егілген. Атап айтқанда, «Нейрон» медициналық клиникасында - 15, ҚХА ғимаратында - 30, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында -20, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында - 5, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында - 5, Қарақия аудандық орталық ауруханасында -15, №1 Ақтау қалалық емханасында - 25, «Сенім» медициналық клиникасында - 40, «Ясин» медициналық орталығында - 30.

Вакцинаның ІІ компонентімен Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында – 20 адам егілді.

Осылайша, облыс бойынша вакцинациялау басталғалы І компонентпен егілгендердің жалпы саны 12 957-ге жетті. Вакциналардың қалғаны 7 210 доза.

ІІ компонентпен 1 462 адам егілді, вакциналардың қалғаны 7 835 доза.

«Кез келген тұрғын өзі тұратын жеріне қарамастан, кез келгенін егу кабинетінде вакцина салдыра алады. Вакцинация дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Екпе алу тегін», делінген хабарламада.