Құтқару қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. 200 құтқарушы арнайы техниканың көмегімен 10 мың текше метр суды сорып алған. Тасқынның салдарымен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, сонымен бірге Атамекен, Басқұдық, Баянды және Жетібай ауылдарының тұрғындары арпалысуда.
«Жұмыс ұйымдастырылды, барлық мүмкіншіліктер пайдаланылып жатыр. Жаңаөзенде Абилов мырза мұнайшылармен бірге жұмыстарды ұйымдастырып жатыр. Сондықтан жағдай тұрақты, ел аман. Жұмысты жалғастыру керек», дейді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.