деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, ақпанның 5-і күні таңертенгі сағат 06.10-да Түпқараған ауданындағы балалар ауруханасында 70 шаршы метр аумақта өрт шықты. Отты сөндіру барысында 21 және 43 жастағы екі медициналық қызметкердің денелері табылды.
«Бір күн бұрын, яғни ақпанның 4-і күні электр энергиясының өшірілуіне байланысты науқастар үйлеріне қайтарылғандықтан, эвакуация жүргізілген жоқ», - деп анықтады баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен төрт жарым сағаттан кейін ауыздықталды.