Маңғыстау облысында ауыл мектептерінің бірі 9 млн теңгеге көгалдандырылмақ

АҚТАУ. ҚазАқпарат -  «Табиғат және біз» жобасы іске асырылып жатқан Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының орта жалпы білім беру мектебінің    айналасына егу үшін 3 мың ағаш, тал, бұта, көше, бөлме гүлдерін, бақша мүккәмалын 9 млн теңгеге өтеусіз негізде әкелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Жоба әзірге аяқталған жоқ. Оны жалғастыра бермекпіз. Келесі жылы мектеп маңына жылыжай салуға жәрдемдесеміз. Оқушылар олардың өсуін қадағалап, күту үшін тамшылатып суаруды қолға аламыз», - деді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Азат Нұржауов.