«Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының 103 диспетчерлік пультіне 16 қыркүйек сағат 11:01-де «Шұғыл босану» санатымен Мұнайлы ауданы Жаңа Даулет мекенжайы бойынша шақырту түсті. Құрамында фельдшер Ж. Кукенова және А. Тасим бар бригада шақыртуға 11:13-те жетті. Әйелге медициналық көмек көрсетіп, 11:35-те үйінде босандырды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Салмағы 3 кг 200 грамм ер бала дүниеге келген. Ана мен бала Маңғыстау облыстық периниталдық орталығына жеткізілді. Басқарма мәліметі бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы.