«Қыс мезгілінде ауданға сағатына 400 текше метр су жіберіледі. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты су көлемі сағатына 100 текше метрге азайтылды.
Оның негізгі себебі - «Маэк» ЖШС аумағында орналасқан су жинау каналының қатып қалуы. Бізге каналдан су келеді, оны тұщытып, аудандарға жібереміз. Алайда, келетін су көлемі азайғандықтан, аудандарға суды бұрынғы көлемде әзірге бере алмаймыз», - деді «Каспий су тұщыту» зауытының директоры Бақыт Шапқан.
«Маэк» ЖШС хабарлауынша, диаметрі 500 мм болатын ЖЭО-1 құбырының қатып қалған аумағын жібіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Мұнайлы ауданындағы көпқабатты 10-нан астам үй тұрғынынан шағым түсті. Олар су ағысының азайғанын айтты. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерге су таситын 5 көлік қосымша тегін су жеткізіп жатыр.
Мұнайлы ауданы әкімдігі көпқабатты үйлерге су бүгін кешке қалыпты жағдайда беріле бастайды.