деп хабарлады ҚР Премьер-Министірінің баспасөз қызметі.
Екі күн ішінде жалпы сомасы 5 млн. 471 мың теңгенің 58 тонна өнімі сатылған. Мысалы, картоп пен пияздың бағасы 58 теңге, қырыққабат - 68 теңге, сәбіз - 75 теңгеден сатылды.
Қазіргі уақытта азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге байланысты кідіріс жоқ. «Бөкен» ЖШС, «Жібек жолы» ЖШС, «Ақмарал» ЖШС базарлары мен басқа да жеке азық-түлік, әмбебеп дүкендері 80 пайызға жұмыс істеуде.