Ведомствоның дерегіне сенсек, соның 34093,5 млн теңгесі баспана салуға бағытталған.
Баспана құрылысына құйылған қаражаттардың негізгі көзі ғимараттарды салушылардың өз қаражаттары болды. Олардың үлес салмағы 97,3 пайызды құрады.
Ал шетелдік құрылыс компанияларының үлесі үш пайыздан аспайды.
Жалпы, бес айда өңірде жалпы ауданы 569,3 шаршы метр болатын 2152 нысан салынды. Соның 2099-ы баспана, 53-і басқа мақсаттарда салынған ғимараттар. Соның ішінде екі балабақша ғимараты да бар.