Маңғыстау облысында беташар жасаған әйелге үкім шықты

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында беташар жасаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау ауданы Оңды ауылының тұрғыны 26 наурыз күні келін түсіріп, үй ауласында 40-қа жуық адамға беташар жасаған болатын.

Төтенше жағдай режимін бұзған әйелге қатысты әкімшілік іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды. Сот «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 27 780 теңге айыппұл төлеуге жазаланды.