Мәлім етілгендей, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының барлық тұтынушылары үшін қарыздарды өндіріп алуды тоқтата тұру шаралары қабылданып, коммуналдық қызмет түрлерімен (электр энергиясы, газ, жылу, су) үздіксіз қамтамасыз ету шешілген.
Айдос Хамиев атап өткендей, бұл ретте, тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден және қарызын жабудан босатылмайды.
«Тек төтенше жағдай аяқталғанға дейін қажетті жағдайда ғана келісіммен төлемдерді кешіктіріп төлеуге болады», - деді ол.
Төтенше жағдай кезінде (апат және т.б.) облыс халқын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 180 мың текше метр ауыз су қоры бар.