Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Құрық ауылында ұйымдастырылған жарыс екі күнге жалғасады.
«Турнирде 2009-2010, 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар бақ сынайды. Сайысқа Алматы, Тараз, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау қалаларынан, Маңғыстау облысының Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан және Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан, сондай-ақ Қырғызстан елінен келген командалар, барлығы 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр», - делінген баспасөз мәліметінде.
Дәстүрлі республикалық турнир осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Фото: sports.kz