Елдімекендер арасында және облыстан шығатын жерлерде бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылады.
Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, көшелерде қаруланған патрульдік жасақ жүреді.
Төтенше жағдай режиміне сәйкес ел Президентінің тікелей бұйрығымен заңда қарастырылған жағдайларда қару қолдануға рұқсат етіледі.