Сырға Тілеубайқызы 1922 жылы 1 қаңтарда Мағыстау облысының Бейнеу ауданында дүниеге келген.
Биыл әже 100 жасқа толды.
Бейнеу халқына «ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.
-Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деп Сырға Қалиева батасын берді.