Маңғыстау облысында ІІД басшысы ауысты
12:26, 23 Желтоқсан 2017
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы ІІД басшысы қызметіне полиция полковнигі Таймерденов Қанат Таймерденұлы тағайындалды, деп жазады Lada.kz осы өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке құрамға облыстың жаңа ІІД басшысын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов таныстырды.
Қанат Таймерденов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Бұған дейін Алматы ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2013 жылдан бері Маңғыстау облысында ІІД басшысы болған Қайрат Дәлбеков, Оңтүстік Қазақстан облысына ауысты.