«Облыста жыл басынан бері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 19 337 адам болды. 8-15 қазан аралығында, яғни, бір аптаның ішінде 71 азаматтан вирус анықталған. Соңғы тәулікте 7 адам жұқтырған.
Аймақтар бойынша аурушаңдық көрсеткішіне тоқталсақ, науқастардың 57,1 пайызы Ақтау қаласына, 15,7 пайыз Мұнайлы ауданына тиесілі. Қалған аудандар мен қалаларда аурушаңдық көрсеткіші одан төмен», - деген әкімдік өкілі өңірде 22 332 азаматтың COVID-19 індетінен емделіп шыққанын атады.
«8-15 қазан аралығында 111 адам ем қабылдап, таңда 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек қызмет көрсетуде. Шілде-тамыз айларында қосымша төсектер қосып, 15 нысан жұмыс істеген. Бүгінде науқастар 7 стационарда ем алып жатыр», - деді Гүлмира Қалмұратова.