«2017 жылғы 12 желтоқсанда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының инспекторлары Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының Үшқатын елді мекенінде Бейнеу ауылының және Өзбекстан Республикасының азаматын заңсыз киік атқаны үшін құрықтады. Тексеріс барысында 2 бас аналық киік, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 6 дана «АЗОТ» маркалы 12 калибрлі оқ және 1 пышақ табылды»,- деп жазды С. Ділдахмет.
Аталған іс бойынша Бейнеу аудандық ІІБ-де қылмыстық іс қозғалды. Киіктің аналығын заңсыз атқан үшін 350 АЕК көлемде айыппұл салынады. Браконьерлер табиғатқа 1 588 300 теңге залал келтірген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, таяуда Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары заңсыз киік аулаған екі браконьерді қолға түсірді.
13:34, 13 Желтоқсан 2017
Маңғыстау облысында киік атқан Өзбекстан азаматы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы аумағында киікті заңсыз атқан Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.