Оның айтуынша, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын 96 мектеп оқушысы, 6 мұғалім жұқтырған.
«Қауіпті індет 96 оқушыдан үйдегі қарым-қатынас арқылы анықталып отыр. Ауырған оқушының барлығының шағымы жоқ. Жақын байланыста болған адамдар карантинге алынды. Індетке қарсы шаралар жалғасуда», - деді Ғазиз Надуев.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына салынған кей шектеулер алынғанын жазған болатынбыз.