Құны 20 млн доллар тұратын жобаны төрт компаниядан (қазақстандық, қытайлық, француздық, ресейлік) тұратын консорциум іске асырады. Станцияның орналасатын орны маңғыстаудың климаттық ерекшелігі ескеріліп, таңдалды. Жоғары күн белсенділігінің арқасында Маңғыстау өңірі жаңартылатын көздерден энергия өндіру бойынша жобаларды іске асыру үшін ең қолайлы орынның бірі болып табылады.
Біз Қазақстанмен ынтымақтасып, жұмыс тәжірибесімен бөліскіміз келеді. Бұл Ақтауға алғашқы сапарым. Мұнда мен тиімді пайдалануға болатын күн энергиясына бай өңірді көрдім. Компанияның мүмкіндіктерін ескере отырып, біз күн электр станциясы жобасын инвестициялауға мүдделіміз», - деп хабарлады қытайлық компания президенті Фу Хонгвей.
Күн электр станциясы 30 га жерде орналасады. Құрылысы көп уақытқа созылмайды деп уәде беруде, жобаны 2018 жылғы бірінші тоқсанда тапсыру жоспарлануда. Жаңа өндіріс 80 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.