Маңғыстау облысында өрт салдарынан әйел адам қаза тапты

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының мұнайлы ауданында тұрғфн үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 53 жастағы әйел адамның денесі табылды.