Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады.
УАЗ көлігі бұрылып жатқан сәтте оған Nissan маркалы көлік соғылған. Осыдан соң инерция бойынша УАЗ автокөлігі алдында тұрған Geely көлігіне соғылған.
«Оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айып тұрағына тоғытылды» делінген ведомство таратқан хабарламада.