Маңғыстау облысында үш мыңнан аса тұрақты донор бар

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында үш мыңнан аса тұрақты донор бар. Олар 2-3 ай сайын ерікті түрде орталыққа барып қан тапсырады, дп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қан орталығында материал жетіспеушілігі жоқ. Онда бір аптаға жететін қор сақталған.

Қан жасушалырының сақталуы мерзімі де әртүрлі.

Мәселен, тромбоциттер 5 күн, эритроциттер 42-49 күн, ал лейкоциттер 3 жылға дейін сақталады.

«Қанның қоры 7 күнге есептелген, қан тапшылығы болмайды. Бүкіл облыс бойынша медициналық ұйымдардан сұраныстар келеді. Олардың сұранысын 100 пайыз қамтамасыз етеміз», - дейді Маңғыстау облыстық қан орталығы сапа бақылау бөлімінің меңгерушісі Данагүл Шаданова.