Маңғыстау облысында жеделдете индустриялық-инновациялық дваму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Отырысқа жұмыс тобының мүшелері - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның, «Kaznex Invest» ұлттық экспорт және инвестицяиалр агенттігі» АҚ-ның, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар облыста 2010 жылы жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы қорытындыларын талқылады. Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына 17 инвестициялық жоба енгізілген болатын. Оның ішінде - республикалық Индустрияландыру картасына енгізлген жалпы сметалық құны 501,8 млрд. теңгенің 8 жобасы бар, оны жүзеге асыруда 22 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. Аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген құны 33,2 млрд. теңгенің 9 жобасы арқасында 33 мың жұмыс орны ашылады.
2010 жылы экономиканың шикізаттық емес секторында 9 нысан іске қосылды, оның нәтижесінде 1 193 жаңа жұмыс орындары ашылды. Нысандардың жалпы сметалық құны 37,1 млрд. теңгені құрайды.
Ақтау қаласының аумағында Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі алғашқы тақтайтас зауыты, халықаралық терминал мен ұшу-қондыру желектерін қайта құрастыру жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталды.
Тағы бір ірі жоба - «Диірмен кешені мен құрама жем зауытын қоса алғандағы элеваторлық кешеннің құрылысы» Бейнеу ауданында жүзеге асырылып отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын 3,5 мың тонна ұн шығарады. Қоймада жүзеге асырылуға дайын 1 000 тонна ұн сақталуда, 700 тонна құрама жем өндірілген.
Биылғы жылы жалпы сомасы 83 миллиард теңгені құрайтын 7 нысан пайдалануға берлімек. Сол арқылы жаңадан 2,8 мың жұмыс орны құрылады деп көзделуде.
Отырыс барысында өңдеуші өнеркәсіптің жаңа жобалары, атап айтқанда жасанды тастар шығаратын зауыт, жаңа нан зауыты мен бекіре балық фермасының таныстырылымы болды. Аймақтық деңгейде келісілген соң олар Индустрияландыру картасына енгізілу үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынылатын болады.
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысты өткен кеңестен соң ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев бастаған жұмыс тобының мүшелері облыстағы кәсіпкерлердің сұрақтарына кеңінен тоқталып, жауап берді.
Сонымен қатар кеңесте жергілікті өндірушілердің жағдайын барынша пайдаланып, мұнай-газ саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардағы қазақстандық үлестің қамтамасыз етілу мәселелерін, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуын талқыға салынды.
Сол күні жұмыс тобының мүшелері бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, аймақта инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты.