Маңғыстау облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 15 жастағы қыз қаза тапты
10:28, 31 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 15 жастағы қыз қаза тапты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның хабарлауынша, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысына қарасты Қызылтөбе ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Қызыл салынды сөндіру барысында 15 жастағы қыздың денесі табылды.
Тілсіз жау 75 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 12 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.