Маңғыстау облысында жекеменшік компания Өмірзақ ауылындағы орта мектептің шатырын жөндеп берді

None
АҚТАУ. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС өз қаражатына Өмірзақ ауылында өткен жылдың желтоқсан айының соңында құйынды дауыл салдарынан бүлінген № 6 орта мектептің шатырын қалпына келтірді.

Мектептің үш блогының бірі шатырдан толық айырылды, сондықтан оны жабуға тура келді.

Барлығы 552 оқушы, соның ішінде 17 мүгедек бала оқитын бұл мектептегі сабақтар зардап шекпеген екі ғимаратта өткізілді.

«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС білім мекемесінің басшылығына бірден көмегін ұсынды. Жөндеу жұмыстарына үш миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, компания жұмысшылары шатырды қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

«Қазіргі кезде жұмыстар аяқталды, шатыр толығымен қалпына келтірілді. Шатыры дауыл салдарынан бүлінген оқу блогында сабақтар өткізілуде. Қалыпты оқу процесі компания көмегінің арқасында қалпына келді», - деп атап өтті Құрық ауылының №6 мектеп директоры Зәуре Құсайынова.

Компания мектептің қамқоршысы деуге болады. Өткен жылы «Ерсай» мектеп асханасын жаңа заманауи жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұған дейін компания мектеп жанында онда оқытылатын мүгедек балаларға арналған ойын бөлмесін ашты.