ҚР ІІМ ТЖК-нің ақпаратынша, балалардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскенде шұғыл қызметтер бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Оған жиырмаға жуық техника және ТЖБ, АІІБ, әкімдік, 2087, 99116 әскери бөлімдерінің қызметкерлері және еріктілерден тұратын жүзге жуық адам қатысты. Жоғалған балаларды іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілген.
Бүгін, 25 мамырда таңертең сағат 06:15-те іздеу жұмыстарын табысты өткізу мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды.
Сағат 07:29-да (Астана уақытымен) жаяу іздеу тобы балаларды олар жоғалған орыннан оңтүстікке қарай 9 шақырым жерден тапты. Балалардың хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, олар қосымша тексеру үшін медициналық қызметкерлерге тапсырылды.