«Шетпе аулына келе жатқан УАЗ автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соғысқан. Екі көлік те өртенген. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілді», - дейді Маңғыстау облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.