Қайғылы оқиға 17 маусым күні Жаңаөзен қаласы маңында орын алды. Ақтауға бет алған көлікте барлығы алты жолаушы болған. Жол апатында профессордың әйелі мен қызы да зардап шекті, қалған екі жолаушы дін аман.
Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының баспасөз хатшысы Әйгерім Қожахметованың айтуынша, Н. Смағұлұлының денесі Алматыға кеше түнде жеткізілді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 20 маусым күні (сағат 9:45-те) Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында өтеді.
Неврологтар лигасының төрағасы, Қазақстан Республикасының неврологтар қауымдастығының және Бүкіләлемдік неврология федерациясының мүшесі (WFN) Н.Смағұлұлы 1961 жылы өмірге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, ал 1985 жылы интернатураны үздік бағамен аяқтады. Еңбек жолын 1985 жылы невропатолог-дәрігер болып бастап, 2007 жылы шипажай директоры лауазымына дейін көтерілді. Сондай-ақ 2004-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында жүйке аурулары, нейрохирургия, психиатрия, наркология және медициналық психология кафедрасында доцент, 2007-2010 жылдары С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулар және нейрохирургия кафедрасында профессор болды. Ал Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының неврология кафедрасы меңгерушісі қызметін 2010 жылдың тамызынан бері атқарып келген еді. Ол жоғары курс студенттеріне, дәрігерлерге арналған 78 ғылыми жұмыстың, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
11:05, 19 Маусым 2013
Маңғыстау облысында жол апатында халық жазушысы Ә. Кекілбаевтің ұлы мен профессор Н. Қайшыбаев қаза болды
АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жол-көлік апатында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты неврология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Қайшыбаев пен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің үлкен ұлы - 48 жастағы Әулет Әбішұлы қаза болды.