Шеруге қатысқан сегіз жүргізуші Мұнайлы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ереже бұзушылардың автокөліктері айыппұл тұрағына қойылып, полиция қазіргі кезде кортеждің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.