Маңғыстау облысында жұмыстан шығарылған қызметкерлерден қызметке қамту туралы 100-ден астам өтінім түсті - Ө.Шөкеев

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - /Руслан Ғаббасов/ - Маңғыстау облысында жұмыстан шығарылған қызметкерлерді қызметке қамту туралы 100-ден астам өтінім түсті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан селекторлық кеңес арқылы байланысқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Жұмыстан шығарылған қызметкерлерді еңбекпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда ахуал оңтайланды. Біз олармен бірқатар кездесулер өткіздік» , - деп атап өтті Ө. Шөкеев. Сонымен қатар ол қазіргі кезде аталған азаматтардан жұмысқа тұру туралы 104 өтінім түскенін жеткізді. «Өзенмұнайгаз» бойынша - 23, ал «Қаражамбасмұнай» бойынша - 81 өтінім келіп түсті. Атап айтқанда, бұл тұрғыдағы жағдай оңтайлы өзгерді», - деді Ө. Шөкеев.