Маңғыстау облысының 2021 жылға арналған бюджеті бекітілді
2020 жылдың бюджетімен салыстырғанда 11% өсім бар.
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлім етті.
Оның айтуынша, жалпы бюджетті жоспарлау саясаты өңірдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Келер жылы ауылдық елдімекендердің дамуына ерекше назар аударылады.
2021 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша екі ауылда құны 1,8 млрд теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күні 8 ауылға (Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Маңғыстау, Рахат, Шетпе ауылдары) 63 жобаға 5,3 млрд теңге қаражат қарастырылды (РБ – 5 млрд теңге, ЖБ - 392,3 млн теңге).
«Олар - 7 әлеуметтік инфрақұрылымдық жоба, 8 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 48 көлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы мен орташа жөндеу жұмысы», - деді Марина Әлібекова.