«Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 320 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 299-ы QR-кодтарды жүктеген. Тағы 58 нысан аталмыш жоба аясында тест режимінде жұмыс істеп жатыр.
Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды.
Айта кетейік, бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 6 адам және «қызыл» статусы бар 17 адам анықталған»,-делінген хабарламада.