Маңғыстау облысының әкімі ауылшаруашылық нысандарымен танысты

Фото: None
ҚАРАҚИЯ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қарақия ауданында ауыл және егін шаруашылығы бойынша бірнеше нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Қазақстанет одағы» қоғамдық бірлестігі жаңа жобаны іске асыруда. Оған сәйкес Қарақияауданы арқылы шетелден Қазақстанның ішкі нарығына 5 мың ірі қара мал жеткізужоспарланып отыр. Аймақ басшысының сапары осы жерден басталды.

Аудан орталығы - Құрықауылының Сарша жерінде 2019-2020 жылдары салынып, іске қосылатын нысанныңменшік иесі - «Бреск» ЖШС.
Онда серіктестіктің өкілі жаңа нысанды салуға 20га жер телімі берілетіндігі туралы шешім шығарылғанын, кешікпей құрылысжұмыстары басталатынын айтты.


С.Трұмовпен бірге барлыққала, аудан әкімдерінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасарлары менбасқармалардың басшылығы болды. Өңір әкімі бұл жобаның экономикалық тиімділігімен өзектілігіне тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Нысан «Құрық»портына жақын аумақта салынып, 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Ол арқылы5 мың ірі қара, яғни сиыр малы тасымалданып, карантиндік- ветеринарлықтексеруден өтпек.


Бұдан соң жұмыс тобыҚызылқұм жеріндегі егін шаруашылығымен танысты. Ондағы егін шаруашылығыменайналысатын отыздай егіншінің бірі - Төлеген Жалмұратов «Жанбыршы»шаруа қожалығының иесі. Ол бұл кәсіппен 1995 жылдан бері айналысады. 152 гажерге алма, жүзім ағаштарын, қызанақ, қияр, баклажан, қауын, қарбыздың түрлісорттарын өсіреді. Өнім тұтынушылары - Жетібай, Мұнайшы, Құрық және Ақтауқалаларының тұрғындары. Айта кетейік, «Жаңбыршыда» алма мен өріктіңде неше түрлі сорты өседі. Егіннің жайын ерте меңгерген бағбан өңірге танымалкәсіпкер.


Маңғыстау облысы әкімінің Қызылқұмғасапары ары қарай Жақсылық Ибадуллаевтың шаруа қожалығында жалғасты. 32 га егісалқабында алма, жүзім ағаштары мен қызанақ, қияр, баклажан, қауын, қарбызтүрлері өсірілген. Бағбан, ауданның бірнеше ауылы және Ақтау қаласыныңтұрғындарына өз өнімін өткізетіндігін айтты.

Қызылқұмда өткен бейресмижиында өңірдің ауыл және егін шаруашылығына қатысты тың жобалар мен өзектіпікірлер ортаға салынды.


Соңғы жаңалықтар