деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Өңір басшысы былғары қолғап шеберінің спорт жолындағы ірі жеңісімен құттықтап, Лондонда өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль алуына тілектес екендігін білдірді. «Спортты дамыту және маңғыстаулықтардың басым бөлігін дене тәрбиесімен айналысуға тарту облыс әкімдігінің басымдықты міндеттерінің бірі. Әділбек Ниязымбетовтің бокстағы бүгінгі жеңісі туған елінің алдындағы зор мақтаныш қана емес, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі. Әділбектің жарқын жеңісі көпшілікті жаңа спорттық жетістіктерге жетелейді», - деді Қ.Көшербаев.
Сонымен қатар шара барысында облыс әкімі Ә.Ниязымбетовтің ата-анасы мен жаттықтырушысы Марат Жакиевті құттықтады.