Маңғыстау облысының қалалық әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне әзірлікке 32 млн. теңге бөлді
12:12, 21 Желтоқсан 2009
АҚТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының қалалық әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне әзірлікке 32 млн. теңге бөлді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған сомаға қала көшелерін көріктендіру жұмыстары басталып кетті.
Мерекелік билбордтар, ағаштар мен теректерді сәндеу, жалаулар мен неонды жарықтар, жасанды шыршалар Ақтау ажарын аша түсуде.
Қала орталығындағы «Ынтымақ», «Астана» алаңдарына 14 метрлік шырша орнатылды. Оның жанында Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндері қойылған.
«Дағдарысқа қарамастан қаланы көріктендіріп, халықтың ризашылығы үшін жасалып отырған бұл іске біз барынша қолдан келгенді жасаудамыз. 4 млн теңгеге мерекелік отшашу алу да қарастырылуда» дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тарас Хитуов.