Бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай, арнайы жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда, қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни инсульт алғандарға, жүрек талмасына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл, медицина мамандарының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне аудан халқының саны күн санап өсіп келеді.
23:12, 27 Қараша 2020
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына 11 жедел жәрдем көлігі жеткізілді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасының Мұнайлы ауданындағы бөлімшесіне 11 жаңа көліктің кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.