Маңғыстау облысының түзеу мекемелерінде 21 бейнетаспа орнатылды
«Өткен жылы Маңғыстау облысында 58 бейнетаспа орнатылған - оның 40 данасы Ақтауда, тағы 18-і Жаңаөзен қаласында қойылды. Енді бұл іс түзеу мекемелерінде қолға алынуда. Оларда 21 таспа орнатылды, мұндағы мәліметтер ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына келіп түседі», - деп баяндады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Әлия Шермағамбетова.
Бүгінде облыста үш түзеу мекемесі бар: ГМ -172/1 (23 колония), ГМ-172/6 (69 колония) және ГМ-172/10 (тергеу абақтысы). Әрбір түзеу мекемесінің жеті нысанына бейнебақылау орнатылған.
«Бейнетаспалар бірінші кезекте түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеу үшін өте қажет», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Тимур Гашимов.