Соның ішінде«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасыменосыған дейін 746 миллион теңге бөлінді. Бұған қоса Ауыл шаруашылығын қаржылайқолдау қоры өз қаражатынан ауылдық жобаларға 150 миллион теңге бөлді. Бұлтуралы ҚазАқпарат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөзқызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарлама аясында Қор төмен процентпенауыл тұрғындарына несие ұсынып келеді. Бағдарлама аясында кәсіпкер боламын деген жұмыссыз азаматтарға,кәсібін әрі қарай кеңейтемін деген бизнес иелеріне 6 процентпен несие алу мүмкіндігі бар.
Маңғыстау облысында осындай мемлекеттік қолдауға ие болып отырғанкәсіпкерлердің бірі Мұнайлы ауданы Баянды ауылының тұрғыны Амангелді Өскенов.Ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 4 миллион теңге несие алып, бесботалы түйе сатып алған. «Айбек» шаруа қожалығы күніне екі мезгіл жеті түйесауып, 15-20 литр сүт алады. Мейрамханалар мен көрші-көлемге дайын шұбаттыңлитрін 600 теңгеден сатып отыр.
«Біз кішкентайымыздан түйемен өскен адамдармыз. Оның бабын білеміз.Несие алғанға дейін де өз күшімізбен кәсіпті ақырындап бастап кеткенболатынбыз. Қазір бәрі жақсы, алған малдарымыз өсіп жатыр. Пайдасын көріп,шұбатын ішіп отырмыз. Малымыз өзінің жем-шөбін де ақтайды. Жұмыс істеймін дегенадамға табылады. Малдың пайдасы мол. Тірлік еткен адам нанын табады», - дейдіАмангелді Өскенов.
Айта кетерлігі, жұмыссыз адам несие алу үшін аудандық Жұмыспен қамтуорталығына тіркеліп, «Бастау бизнес» жобасының курсынан өтуі керек. Өз кәсібінжаңадан бастап жатқандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі.
«Ауылда кәсіпкерлікпен айналысатындарға 4, 6, 12 миллион теңгеге дейіннесие береміз. Берілетін несие көлемі жобаның мақсатына байланысты. Қортарапынан мал мен құс өсіру бойынша «Игілік» несие өнімі, кәсіпкерлікті дамытубойынша «Кәсіпкер», сүт қабылдау бекеттерін дамытуға арналған «Бірлік», тауарлысүт фермаларын құру және кеңейту бойынша «Ырыс» несие өніміміз бар», - дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Маңғыстау облыстықфилиалындағы несие бөлімінің басшысы Шолпан Дүйсенбаева.
Маңғыстау өңіріндегі бес аудан да бұл бағдарламалардың игілігін көріпотыр. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда филиалда жалпы сомасы 300 млн теңгеге жуықжобаны несиелеу өтінімдері қарастырылуда.
Ауыл шаруашылық бизнес түрлерімен қатар, Қор ауылда іске асырылатынбасқа да кәсіпкерліктерді қаржыландырады. Ең бастысы – бұл қызметтер ауылдыжерлерде көрсетілу керек.
Несие сомасы бизнес-жоспарда көрсетілген мақсатта игерілу керек.Несиенің тиісті бағыт бойынша пайдаланылуы қадағаланады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»бағдарламасымен Маңғыстау облысында тағы бір бағыт қаржыландырылады. Агроөнеркәсіпкешенін дамыту аясында «Сыбаға» несиелік өнімі бар. Несиелер етті бағыттағы іріқара мен ұсақ мал басын, техника мен құрылғыларды, мал азығын сатып алуғаберіледі.
Оның ерекшеліктері мен жаңалықтарына тоқталсақ, берілетін несие көлемі– 12 млн. теңгеге дейін, мерзімі 7 жылға дейін. Сонымен қоса 2 жылға дейінгіжеңілдік мерзімі қарастырылған.
«Маңғыстау өңірінде қойды экспортқа шығарып отырмыз. Ауыл кәсіпкерлерінесиелік қаржының арқасында ұсақ мал алып, оны бордақылап, екі жылдан кейінетін тапсырады. Бұл несиеге қол жеткізу үшін шаруашылықтың 150 гектар жері,қорасы болуы міндетті», - дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныңМаңғыстау облыстық филиалындағы несие бөлімінің басшысы Шолпан Дүйсенбаева.