Маңғыстау өңірінде бірқатар азамат мемлекет наградамен марапатталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Маңғыстау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев;

«Құрмет» орденімен мамандандырылған IT-лицей мұғалімі Людмила Николаевна Рябова;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен Қарақия орталық аудандық ауруханасы Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Мұрсалқызы Дүйсембаева;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен ««Акжол К» ЖШС шебері Феруза Бисенбайқызы Қаракесекова марапатталды.


Фото: t.me/bort_01