Көлік кептелісіне тап болған жүргізушілер әлеуметтік желіде видеолармен бөлісуде.
Видео авторларының бірі жол үстінде көптеген жүк көліктері тізіліп тұрғанын, қозғалысқа молынан жауған қар кедергі келтіргенін айтуда.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жүк көліктерін қар құрсауынан шығаруға «Қазақавтожол» өкілдері көмектесуде.